"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Тілім-Айбыным!

17.09.2024

Қайырлы күн!

5 -қыркүйек Қазақ халқы тілдері күні мерекесі. 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға белгілі.

 

Атаулы мерекенің өзгеру себебінің өзіндік сыры бар еді - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» екендігін айтып, ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халықының азат тағдыры мен тілі үшін күрескен халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арысы, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, публицист, педагог, аудармашы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.

 

Бүгінгі таңда бүкіл қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлауда.

Осы аталмыш мерекеге орай мектепке дейінгі ұйымдарда да   «Ана тілім-айбыным!» атты мерекелік іс – шара өтті.

өткізген іс-шараның мақсаты: бүлдіршіндерді өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

      Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

 

Тілден асқан байлық жоқ.

Тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық! Қолда бар алтынның қадірін бағалай білейік! Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау сіз бен біздің қолымызда.

   

         Биылғы оқу жылында оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудық мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында /ҚР ОАМ 2022 ЖЫЛҒЫ 03 ТАМЫЗДАҒЫ №348 бұйрығы /қарастырылған.

        Мектепке дейінгі ұйымдарда оның ішінде Қазақстанның бес өңірі; Қарағанды,Қостанай,Солтүстік Қазақстан,Астана қаласы және Ақмола облысы  «Мектепке дейінгі балаларды дамыту институты әзірлеген» «Тілге бойла» жобасы бойынша пилоттық жобаға еніп отыр. Мектепке дейінгі 135 ұйым осы жоба төңірегінде жұмыс атқармақ.

 

Жобаның мақсаты:Балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын ояту,қазақ тілінде ауызша сөйлеудің қарапайым дағдыларын /түсіну және айту/қалыптастыру.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлт қазынасын дәріптеуге арналған:

 

-«Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру»

-«Әжемнің ертегісі», «Бал бала» тіл ширату жобалары мен іс-шараларын жүзеге асыру бағыттары бойынша жоспар құрылып,бірқатар жұмыстар қолға алынуда.

 

Мағжан Жұмабаев айтқандай:

Тіл -  байлығымыз, тіл - тарихымыз, тіл - мәдениетіміз, тіл-әдебиетіміз.Тіл – біздің ұлттық  намысымыз, арымыз. Ана  тілімізді қастерлеп,  құрметтей  білу – біздің қасиетті  борышымыз.Олай болса,ата-бабамыз найзаның ұшымен,білектің күшімен қорғап бізге мұра етіп тастап кеткен тілімізді қастерлейік!


Сөзімнің соңында мына бір өлең жолдарын оқығым келіп тұр;

«Қымбат менің туған тілім»

Қымбат маған ана тілім, бал тілім!

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілі – ардақ тұтар алтыным

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлең – жырмен арайланса, тау күліп.

Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.

Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,

Жалғастырып айта берем мәңгілік!!!

 

Балабақшаның әдіскері:Аубакирова М.Ж

 

Просмотров: 1224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст