Мектеп алды даярлық «Балдәурен» тобы
Шығармашылық саласы
Бөлімі: Мүсіндеу
Мақсаты: Басқа балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан образдар мен сюжеттік компо-зициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар желісімен). Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. Ермек балаларды театрға шақырады.– Театр дегеніміз не?– Сендер қандай спектакльдерді көрдіңдер?– Актерлер немен айналысады?Пікір: Актер болу үшін мектепте жақсы оқу қажет. Көп оқып, жоғарғы оқу орнына түсу керек. Ол жерде сендерді актерлік шеберлікке үйретеді.Ой қорытындылау: Тәрбиеленушілер ойын білдіреді, театр туралы бі-лімімен бөліседі.Мүсінші Ермекбалаларды Ы. Алтынсарин жазған «Жануарлардың айтысы» ертегісін еске түсіруге шақырады. – Жануарлар не туралы айтысты?– Сенің ойыңша, айтыстың соңы немен тынбақ?Жағдаят.Өзің жасайтын ертегі кейіпкерін анықтап ал.Балалар бірнеше топқа бөлініп, ертегі кейіпке-рін таңдайды.Проектор Ы. Алтынсариннің «Жануарлардың дауласқаны» ертегісі же-лісі бойынша әзірленген слайдтар. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс Әліппе-альбомдағы үлгілермен танысу. Таңдап алған жануардың өзіне тән ерек-шеліктерін қарап шығу (денесі, басы, сирақтары, құйрығы).Ермек: Өздерің жасайтын ертегі кейіпкерін таңдап алыңдар. Оның қандай қасиеттері мен ерекшеліктерін білесің, есіңе түсір. Үлгілерді көрсету. Ойын-жаттығу: «Иә – жоқ». Ермексазбен және кескішпен жұмыс істеу тәсілдерін талқылау. Балалар ережелерді талқылап, түсіндіреді.1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді, киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу, ермексазды ауызға салмау. 2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге болмайды – бұл біреуді жарақаттауы мүмкін.3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермек-саздан (сазбалшық) тазартып, үстелді дымқыл шүберекпен сүрту. 4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе майлықпен құрғатып сүртеміз. Ойын қорытындылау. – Мүсіннің барлық мүшелері көлемі жағынан бір-біріне сәйкес болуын қадағала.– Мүсіндеудің қандай тәсілдерін пайдаланамыз? (Үзіп алу, домалақтау, жаю, біріктіру).– Бөлшектерді қандай тәсілдермен біріктіреміз? (Жағу арқылы).Саусақтарға арналған жаттығу: «Жануар-лар». Өзіндік жұмыс.Балаларға жеке көмек көрсету. Сергіту сәті : Музыкалық жаттығу: «Жануарлар». «Шығармашылық минуты».Кішкентай аниматорлар студиясы. Ы. Алтынсариннің «Жануарлардың айтысы» ерте-гісін оқы және ойнап көрсет (сахналанатын ертегі ойыншықтармен толықтырылады) Қортындылау: Балалар жұмыстарының көрмесі.Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, бұйымдарға баға беруге шақырады. Ермек балаларға ҰОҚ-де жасаған жұмысқа баға беруін ұсынады: 1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен бояйды. 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.