Мақсаты: Геометриялық пішіндер және олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.
Дамытушылық: Балалардың дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап,логикалық тапсырма, топтық жұмыс.
Көрнекілік: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті, геометриялық пішіндердің суреті, т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер "Апта күндері" өлеңін айту
Дүйсенбіде доп ойнадық
Сейсенбіде серуен құрдық қалада
Сәрсенбіде сурет салдық,сәндетіп
Бейсенбіде би биледік,әндетіп
Жұма күні қардан соқтық аққала
Сенбі күні мультик көрдік тамаша
Жексенбіде үйде болып, демалып
Осылайша, өте шықты бір апта
Кім маған айтады:
-Қазір жылдың қай мезгілі? -Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде неше ай бар? -Қыс мезгілінде үш ай бар? (Желтоқсан, қаңтар, ақпан)
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап жіберейікші?
-Күн суытады, қар жауады, боран ,аяз болады.
II. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Өтпелі тақырыппен таныстыру: "Көлік және көлік түрлері мен таныстыру"
Жаңа тақырып
Бүгінгі тақырыбымыз "Геометриялық пішіндегі заттар" деп аталады. Қәне, барлығымыз тақтаға назар аударайық.
1. Тәрбиеші тақтада кезекпен тұрған геометриялық пішіндерді сұрайды, білмегендерін айтады.
2. - Балалар,енді геометриялық пішіндер мен денелердің айырмашылығын түсініп алайық. ол үшін үстелдегі пішіндер мен денелерге назар аударыңдар. Мынау- ұшбұрыш, ол-геометриялық пішін. Ал, мынау-пирамида,ол геометриялық денеге жатады. Екеуін қолдарыңа алыңдар. Екеуі ұқсас,бірақ ұшбұрыш пирамиданың бірғана беті, пирамиданың осындай төрт беті бар.
-Мынау-конус,ол-геометриялық дене. Конустың табаны бір геометриялық пішінге ұқсайды.
-Шаршы-кубоктың бір беті, кубоктың осындай неше беті бар екенін санайық.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Қане тындайыкшы:
Жұмбақ жасыру
Төрт қабырғасы тең болса,
Төрт бұрышы тең болса,
Жауап берер балақай,
Ой өрісі кең болса,
Бұл қандай пішін?
2. Бұрыштарын табамыз,
Бұған келер шамамыз,
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ күлеміз.
Бұл қандай пішін?
3. Емес бұл төртбұрыш,
Мұнда мүлде жоқ бұрыш
Бұл қандай пішін
1.Дөңгелектің тапсырмасы «Ұқсасын табу»
(тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен алып пішіндердің астына жабыстырады. Мысалы: алма адөңгелектің астына, ал пирамида ұшбұрыштың астына, теледидар төртбұрыштың астына)
2.Шаршының тапсырмасы
Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»
Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың алдында 1-ден 10-ға дейін цифрлар.
1. кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2. бағдаршамда неше көз бар? (3)
3. қолғапта неше саусақ бар? (5)
4. адамда қанша көз бар? (2)
5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. аспанда неше күн бар? (1)
7. бір аптада неше күн бар? (7)
8. адамда қанша саусақ бар? (10)
9.үшбұрыштың қанша бұрышы бар? (3)
3.Тіктөртбұрыштың тапсырмасы
Сергіту сәті.
Бойды сергек тік ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үш бұрыш сыз ауада
Сол қолың да бос тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
4.Сопакшаның тапсырмасы
Дәптермен жұмыс
5.Үшбұрыштың тапсырмасы. Топтық жұмыс. (Ұсақ қол моторикасы көліктерді құрастыр)
6.Жұлдыздың тапсырмасы
Логикалық тапсырма “Кім тапқыр”
Табақта бір алма,
Қолымда екі алма.
Барлығын қосқанда,
Шығады неше алма ?
Үш алмұрттын біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Ағашта екі торғай бар еді,
оның біреуі ұшып кетті.
Ағашта неше торғай қалды?
Қорытындылау
Доп арқылы сурақ қою арқылы.
ІІІ. Қорытынды
Балалар, бүгін біз сабақта не істедік?
- Сабақ сендерге ұнады ма? Ұнаса, басбармақтарыңды жоғары көтеріңдер, ал егер ұнамаса, төмен қаратыңдар.
- Несімен ұнады (ұнамады)?
- Балалар! Мен сендердің іс - әрекеттеріңді манадан сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім.
Мақтау, мадақтау, белсенділіктері үшін бәріне смайлик пішінін сыйлау.
Тәмам болды осымен,
Ашық сабақ біздегі
Қошемет, сын сіздерден,
Рахмет айту біздерден.
Сау - саламат болайық
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Геометриялық пішіндерді біледі.
Нені игереді: Әртүрлі геометриялық пішіндерден түрлі заттар құрастыруды.
Нені біледі: Жұмбақтардың шешуін, санамақ біледі.