Тақырыбы: Әжеге ауылға қонаққа барамыз.
Мақсаты: ою-өрнек туралы мағлұмат беру.
Білімділік: балаларды қазақ халықының қол өнерімен таныстуруды жалғастыру. Коғам өміріндегі еңбектің халық қол өнерінің рөлін түсіндіру. Дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, ою - өрнекті құрастурыды үйрету
Дамытушылық: баланың есте сақтау қабілетін, саусақ усақ бұлшық еттерін зейінін аударуын, елесін дамыту.
Баларды қазақ ұлтық құндылықтармен таныстыру; үй жануарлардың төлдерімен таныстыру.
Дұрыс тыныс алуды, демді шығаруды ұйрету, саусақ моторикасын дамыту.
Тәрббиелік: қазақтың қол өнерін құрметтеуге, өнердің мәңгі өшпейтін ою – өрнектердің сыры мен қырын білу арқылы балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: киіз үй, үй жабдықтары, үй жануарлардың төлдерінің макеттері; қазақтың ою - өрнектері - қиылған элементері, қымқалам, гуаш, фоторамалар.
Билингвальды компонент: ою- өрнек – орнамент, киіз үй – юрта.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгін біздің сабаққа қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық.
Қонақтармен амандасу.
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Жүрек жылуын сылайық.
Жиналған бар жылуды,
Қонақтарға шашайық.
Салеметсіздерме!
Ғажайып сәт: Ауылдағы әжеден хатты оқу.
Әженің ауылына музыка арқылы атқа отырып саяхат.
Әже: Салеметсіңдерме балалар. Қош келдіңдер біздің ауылға. Біздің ауыл тамаша: таза ауа, керемет көреністер, биік таулар.
Балалар ауылдың көрінестерімен танысу.
Әже:- Балалар бізде қазір қандай жыл мезгілі?
Балардың жауаптары.
-Дүрыс, көктем. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауаптары.
Әже: Дурыс, күн жылынады, қар ериді, ағаштар бүршік жарады, дала гулденеді, үй жануарлар төлдейді, жие-жие жаңбыр жауады, жел турады, найзаға ойнайды, даул соғады.
Тіл ұстарту жаттығулар
-Тем-тем-тем – құлпырып келді көктем
-Ла-ла-ла – гүлденеді дала
-Ыр-ыр-ыр – жауады жаңбыр
-Ар-ар-ар – үшып келді құстар.
Әже: Балалар, менім де немерем балабақшаға барады. Балабақшадағы апай үйге тапсырма берді, соны орындауға көмектесесіндерме?
Балалардың жауаптары.
-Мынау жерде тақтада мақал – мәтелдер ілініп түр, соны оқып береңдерші.
1. Әкеге қарап үл өседі, анасына қарап қыз өседі.
2.Ел іші алтын бесік.
3.Кітап білім бұлағы – білім өмір шырағы.
Әже: Жарайсындар, балалар! Көп рахмет.
-Балалар, айналаға қараңдаршы, сендер менің үймді көріп тұрсындарма? Ол, қалай аталады?
Балалардың жауаптары.
Әже: Дұрыс, кийз үй. Киіз үйден ішінде қандай заттар бар екен?
Сандық, домбыра, стөл.
Әже: Олар не үшін қажет?
-Домбыра, ол не?
Балалар: Аспап.
-Қандай, аспап?
-Қазақ ұлттық аспап.
Әже: Дұрыс, балалар, ал енді сыртқа шығайық. Мен өзімнің үй жануарларлармен сендерді таныстырайын.
Далада кийз үйдің қасында төлдер жайылып жүр.
Әже: -Мнау ненің төлі? Сиырдың
-Ол, қалай аталады? Бұзау
-Ол, қалай дыбыстайды? Му-му-му
-Мнау ненің төлі? Биенің
-Ол, қалай аталады? Қулыншақ
-Ол, қалай дыбыстайды? И-го-го.
Балалар, қараңдаршы, біздің қүлыншақ көңілсіз түр. Қүлыншақ туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Балалар қүлыншақ туралы тақпақ айтады.
Әже: -Жарайсындар, тақпақтарың қандай тамаша. Қүлыншаққа үнады.
-Ал, енді тыныс алу жаттығуларды жасайық.
Көктем желі. Көктемде қандай жел соғады?
Балалар: Жәй жел, қатты жел соғады.
1.Жәй жел – мүрынмен тыныс алып, қолдарымызды жоғарға көтеріп демді: -ф-ф-ф- деп шығарамыз 5 – 6 рет қайталау
2.Қатты жел – мұрынмен тыныс алып , қолдарымызды жоғарға көтеріп тез қимылдатып демді: -Ф-Ф-Ф- деп шығарамыз 5 – 6 рет қайталау
-Жарайсындар, балалар!
Күн күркіреген дыбыс шығады.
Әже: Балалар мнау дыбыс нені білдіреді?
-Жаңбыр басталатының.
-Ал, ендіше, жаңбыр қалай жауатынын көрсетеек.
Саусақ ойын Жаңбыр.
Әже: Жарайсыңдар, балалар! Балалар маған седердің көмектерің керек болып түр. Маған көмектесесіндерме? Кеше қатты жел болып, даул соғып мнау жердің бәрін шашып тастады. Менің құрақ көрпелерім шашіліп кетті, оларды жинастыруға көмектесесіндерме?
Балалар: Ия!
Әже: Қандай жақсы. Үлкен рахмет сендерге балалар.
Тәрбиеші: Балалар, кішкене дем алайық, сосын әжеге көмектесеек.
Сергіту сәт. Домбыра
Тәрбиеші: Балалар, ендіше жүмысқа кіресеек.
Балаларды 3 топқа бөлу.
1.Текемет құрастыру.
2.Құрақ көрпе құрастыру.
3.Әйнектердегі ою – орнектерді бояу.
Әже: Жарайсындар балалар! Маған қолқанат болып көмектеріңе көп-көп рахмет. Мен сендерге көрпелерімді жинаватқанда, сендерге ыстық бауырсақ пісіріп қойдым. Бірақ, бауырсақты сендер топқа барғанда өздерің шәй ішіп жейсеңдер. Жарайма? Сау болыңдар, балалар. Біздің ауылға қонаққа келеп т.рыңдар.
Балалар: Сау болыңыз, әже!
Балалар атқа мініп, балабақшаға оралады музыка арқылы.
Тәрбиеші: Балалар, сендерге бугінгі саяхатымыз ұнадыма?
-Біз қайда бардық? Қандай оюлармен таныстыңдар?
-Әжеге, қандай көмек бердік?
-Әженің аулына тағы қонаққа барамызба?
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
-Балалар, бүгінгі үйымдастырған оқу іс әрекетіне барлық тарыңыз өтте жақсы қатысқаңыздарсындар. Келесі ұйымдастырлыған оқу іс әрекетінде бұнанда жақсы қатысып биіктерден көрне беріңдер! Рахмет, сендерге.
Тәрбиеші: - Балалар, қонақтармен қоштасайық.
Балалар қонақтармен қоштасады.