Тәрбиеші: Абдикова Б.Ш.
Тақырыбы: «Ата – баба дәстүрі амандықтың белгісі».
Мақсаты: балаларды киіз үйдің құрылымымен таныстыру, балалардың бойына ата мұра құндылықтарын қастерлеуге салт дәстүрді біліп үйренуге қалыптастыру, балабақша балаларының қол моторикаасын жетілдіре отырып, сөздік қорын молайту. Қолданылған материалдар: фэтр матасы, түрлі тесмалар, ине, жіп, тігін машинасы, жапсырғыш, оюлар, ыстық желім, ыстық пистолет.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Киіз үйдің алғашқы бетінде: киіз үйдің сыртқы бейнесі бейнеленген.
Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен, Самал еркін еседі. (киіз үй)
Киіз үй құрылысы: кереге, шаңырақ, уық, босаға, сықырлауық, табалдырық, маңдайша. Ал, киіз үйдің екінші бетінде: киіз үйдің ішкі жабдықтары бейнеленген.
Киіз үй жабдықтары: іргелік, үзік, түндік, ши, есік.
Киіз үй жабдықтары мен бұйымдары: әбдіре, ағаш төсек, кебеже, жүкаяқ, сандық, сырмақ, торсық, күбі.
Киіз үйдің үшінші бетінде: ауылдың сыртқы көрінісі, үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру.
Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атауға, олардың адамға берер пайдасы туралы айту.
Түйе , жылқы, сиыр, қой-төрт-түлік осы біліп қой!
Киіз үйдің төртінші бетінде: ата бабамыздан мұра болып келе жатқан аспаптарымызбен таныстыруға арналған.
Балаларға ұлттық аспаптарымыздың атауларын білуге, оларды айыра білуге, ұлттық құндылықтарымыз жайлы атып беруге ыңғайлы.
Домбыра-қазақ халқының өте ерте және кең тараған аспабы. Домбыра тұтас ағаштан ойылып жасалады.Домбыраның екі ішегі,тиегі,екі құлағы болады.
Домбыра киелі аспап .Домбыра аспабының үні құлаққа жағымды.
Қобыз - екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап.
Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған.
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды.
Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады.
Ал, киіз үйіміздің соңғы бетінде: қазақ балаларның ұлттық киімдері бейнеленген.
Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған емес.
Қыз бала – көйлек, қамзол.
Ұл бала – жейдеше, шалбар, бешпент.