Білім беру саласы: Таным
Пән: Қоршаған ортамен танысу, жапсыру.
Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар».
Міндеттері:
1.Тәрбиелік: Қыстайтын құстарға сүйіспеншілік, қамқорлық сезіміне
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балалардың қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін
кеңейту, білімдерін тиянақтау, дамыту
3.Оқыту: Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыпқа байланысты суреттер, «Қыстап қалатын құстар» тақырыбындағы сурет
Билингвалдық компонент: аяз-мороз.
Сөздік жұмыс: суықторғай, сарышымшық.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген?
Бəрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да,
Болған ақ түспенен.
А.Асылбеков
Балалардың білімдерін белсендіру.Қандай құстарды білесіңдер? Ал қандай құстарды қыста даладан көрдіңдер? Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді? Ондай құстарды қалай атайды? Сұрақтарға жауап алу арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын жəне мақсатын болжамдап тапқызады.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Жұмбақтар шешеді:
Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)
Жем көрсе,
Шықылықтап қалтандайды,
Сескенсе,
Жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан)
Бұл құсты бəрі білер,
Ауламызда шырылдап,
Шиқ-шиқ етер,
Қоңыр ... (торғай).
Кеудесі сары
Жем шоқыр.
Жып-жып етіп ұшар,
Бұл қай құс? (Сарышымшық)
Құстар туралы əңгімелеу.
Суықторғай – жотасы қоңыр, кеудесі сұр,кішкентай құс. Олар үйірімен жүреді.
Торғай – пайдалы құс. Ол зиянкес құрттар жəне дəнді дақыл, нан қиқымдарымен
қоректенеді.
Сарышымшық – жылдам ұшатын құс. Кеудесі сары-жасыл, басы, тамағы қара, құйрығы мен қанаты көгілдір, қарны сары, ал желкесінде ақ дақ бар. Суықторғай мен сарышымшық жазда жəндік жəне жидектермен қоректенеді, түрлі дəнді дақылдар да – олардың қорегі. Қыста адамдарға жақын жерге ұшып келіп, олар жасаған жемсауыттардағы жемді шоқып жейді.
Тоқылдақ – орман құсы. Ағаш қуысындағы зиянды жəндіктермен қоректенеді. Оны «Орман дəрігері» деп атайды. Орманда оның тоқылдатқан дыбысын естуге болады.
Көгершін (кептер) – қала, ауылда адамдарға жақын мекендейді.
2.Сұрақ- жауап
Суық торған қандай құс?
Ол жыл құсы ма əлде қыстап қалатын құс па?
Қайда тіршілік етеді? Немен қоректенеді?
Қанаты қандай?
Балалардың айтқандарын толықтыру: Суықторғайлар ағаш тұқымдары, жеміс-жидек, шетеннің жемісімен қоректенеді. Қылқанжапырақты ормандардажəне аралас ормандарда тіршілік етеді жəне ұяларын аса биік емес қылқанжапырақты ағаштарға тостаған тəрізді етеп жасайды.
3.Сергіту сәті:
Ептеп, ептеп, жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай томпаң-томпаң секірсін,
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал.
4.Сөздік жұмыс: суықторғай, сарышымшық.
5. Суықторғай мен сары шымшықты құрстырып, жапсыру.
Қағаздан қиылған құстарды құрастырып, желімдейді.
«Дидактикалық ойын «Суықторғай»
Шарты:суықторғай сияқты секіреді, Ұшады жəне шырылдайды. Тәрбиеші үстел үстіне жемсауыт шығарады жəне құстарға арналған жемдерді де қояды: кəмпиттер, тұқымдар, шемішке, картоп, шоколад, сəбіз т.б.Суықторғайдың жемін таңдауға тапсырма береді. Балалар қысқа адыммен секіреді, ұшады, «рюм-рюм-рюм», – ысқырып дыбысын салады. Балалар құстарға арналған жемді таңдайды.
Торғайларға – нан қиқымы, дəндер.
Сарышымшыққа – нан қиқымы, дəндер.
Суықторғайға – өсімдік тұқымдары,шетеннің жемісі.
Қарғаға – тағам қалдықтары, жеміс пен көгөністердің аршылған қабықтары.
Көгершінге – тары.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Қандай құстарды кездестірдіңдер?
Бүгінгі танысқан құстарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Қыстап қалатын құстар).
Қыста құстарға қандай қамқорлық көрсетуге болады?