Тәрбиеші: Абдикова Б.Ш.
Мақсаты: балалардың әліпбиден алған білімдерін көрсету. Әріптерді қалай меңгергенін көрсету.Білімге кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Ақыл ойын дамыту, сөздік қорын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: әліпби
Билингвальды компонент: таяқша - укаска.
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары. Əліпбиді жаттап ал. Дауыссыз дыбыстардың ішінде қай дыбыстан басталатын сөз жоқ?
Өткен ҰОҚ-да алған білім
Заттардың атын ата. Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түстермен белгіленеді? Сұрақтарға толық жауап беріп, берілген тапсырманы өз бетінше орындайды.
Жоспар Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.
Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады. Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Күштің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Амандасу үлкенмен,
Тəрбиешінің мəні ғой.
Алдыммен халайық,
Амандасып алайық.
(Ұ) Педагог əліпбидің суретін көрсетеді. Онда барлық əріптер белгіленген. Балалар кезекпен əріптерді атап, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.
Əліпби жазылған плакат немесе слайд.
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма.
Əліпбиді жаттап ал.
Əліпбидегі суреттерді мұқият қарайды. Педагог сұрағына жауап беріп, тапсырманы орындайды.
– Өзің тұратын жер атауының бірінші əрпін тауып көрсет.
– Өз аты-жөнің қандай əріптен басталады? Ол əріптер əліпби ретінде нешінші тұр?
Əліпбиге қарап дауысты дыбыстарды ата.
Дауыссыз дыбыстардың ішінде қай дыбыстан басталатын сөз жоқ? Ізде.
Берілген сызбаға сəйкес келетін сыныбыңдағы балалар есімін ата.
Балалар кезекпен сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма. Суреттегілерді атайды: аққу, гүл, бұзау, қонжық. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Көк жəне қызыл шаршылармен сызба жасайды.
Балалар көк жəне қызыл түстің нені білдіретінін естеріне түсіреді.
Сергіту жаттығу:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Балалар орындарынан тұрып тыныс алу жаттығуларын жасайды.
3-тапсырма
Екі киіз үйдің түтінінің айырмашылығын табады. Дыбыстардың дауысты жəне дауыссыз болып бөлінетіндерін естеріне түсіреді.
Бірінші киіз үйдің түтінен шыққан əріптерді жəне екінші киіз үйден шыққан əріптерді дауыстап атайды.
Əліппе-дəптер.
Сызбалар.
Суреттер.
Суреттер.
Əліпбиден көрсетіп отырады.
«Даусынан таны» дидактикалық ойыны:
Ойын шарты: балалар шеңбер болып тұрады, бастаушы санмақ санау арқылы бір баланы ортаға шығарып, көзін байлайды. Санамақ арқылы келесі баланы шығарады, ол көзі байлаулы тұрған баланың атын айтады. Ойын осылай жалғаса береді.
Саусаққа жаттығу:
Сыңғыр, сыңғыр сырғалар
Құлағымда сыңғырлар.
Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік,
Санап көрші, кәнеки,
1, 2, 3, бір, екі, үш
Демаламыз жинап күш.
4-тапсырма. Жұмбақ əріптер бейнесін табады, əрі қарай жалғастырады.
– Балалар əріптің жасырын бөлігін тауып толықтырады. Əріптің дауысты əлде дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. – Биік дуалдан асып түсе алмай жақан əріпті тауып, толық бейнесін салады. Сол əріп кездесетін сөз тауып, сөйлем құрайды. – Спортзалдағы əріптің созылған түрін дұрыстап өз пішініне келтіру. Əріптен басталатын сөз ойлап айту.Сөзге дыбыстық талдау жасау. – Қайық шетіне жабысып жатқан əріпті тауып, қайықпен байланыстырып сөйлем құрату, сөйлемге сызба жасау.
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.
Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.
Əліппе-дəптері.