"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Тақырыбы "Кең – тар.Жоғарыда – төменде" "Балдәурен екінші кіші тобы

31.05.2019

Тәрбиеші: Ибашева Г.А.

Мақсаты: заттар тобын ені бойынша  салыстыру ұғымын қалыптастыруды жалғастыру: кең – тар; заттардың орналасқан орындарын анықтау біліктерін бекітуді жалғастыру: жоғарыда, төменде.

Міндеттері: заттар тобын салыстыру ұғымын қалыптастыру: кең – тар; заттардың орналасқан орындарын анықтау біліктерін бекітуді жалғастыру: жоғарыда, төменде; жұмбақ шешуге баулу; тәулік бөлімдері туралы білімдерін бекіту жалғастыру;логикалық ойлауы, бақылағыштығын, ойлау белсенділігін дамыту; сабаққа қызығушылығын тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: кең және тар өзендерді көрсетіп атайды; тәулік мезгілдерін; заттардың орналасқан орындарын: жоғарыда, төменде;

түсінеді: заттар ені бойынша ажыратылатынын, тәуліктің төрт мезгілі барын;

қолданады: жалпақ және жіңішке заттарды табуды.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: «Заттарды ені бойынша салыстыру: кең – тар», «Тәулік бөліктері»; ойыншық-марғау, марғаудың мияулауы жазылған жазба, жұмыс дәптері, жай қарындаш.

 Сөздік жұмыс: кең, тар.

 Билингвальды компонент: кең– широкий, тар – узкий. 

ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші: - Саламатсыздар ма, балалар !

- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!
Жылулық шеңбер.

- Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.- Балалар, мынау ненің суреті? (күннің)

- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

- Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?

Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.

- Қуанамын менде,

Қуанасын сенде,

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!!

- Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!!

- Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!!

Көздерін, құлақтарын уқалайды.Шапалақтайды

.- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық

- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу - қызметі.

-Тақырыбымыз: Кең -тар, жоғарыда -төменде
- Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Төрт мезгіл.

 Кәне, атап шығайық... (қыс, көктем, күз, жаз)

Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

Мына шардың түсі қандай?(ақ)

- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

Қыс. қыста жер қандай болады (ақ)

Сары шарды көрсету Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз)

- Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды.

Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты.

- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады..

Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)

Қызыл шарды көрсету.

- Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?

Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз)

- Балалар, түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Ғажайып сәт: мысықтың мияулағаны естіліп, ішке Дымбілмес келеді.

-қайырлы кеш балалар, менің мысығымды көрдіндерме? Жоғалтып алдым.

-Бұл кім балалар?

-мен Дымбілмеспін

-Балалар, Дымбілмес қателескен сиякты қазір кеш пе? Қашан таңертең, ал қашан кеш болатынын айтайықшы.

-онда Дымбілмеске айтып түсіндірейік, қане Дымбілмес сен мына жердегі бір шарды жарып көр, ал біздің балалар ішіндегі тапсырманы орындайды. Сен көмектес бізге. Әрі өзіне пайдасы тиіп қалар.

Дымбілмес шығып шарды жарады, Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырмаларды орындау керек екен.
 

  1. Негізгі кезең.
  2. Фланелеграфпен жұмыс

Педагог «Тәулік мезгілдері» плакатын қарауды ұсынады.

 – Күн қашан оянады? 

– Күн қашан қыдырады?

 – Күн қашан шаршайды?

 –Күн қашан ұйықтайды?

 – Ал қазір таңертең. Бір-бірімізбен қалай амандасамыз? 

– Әрине, қайырлы таң,Дымбілмес. Күн шықты. Марғауға тәулік мезгілдерін атап беріңдер.

Фланелеграфпен жұмыс.

  •  

 «Жалпақ және жіңішке заттар» плакатын қарауды ұсынады.

– Маған жалпақ мойынорағышты көрсетіңдер, жіңішке мойынорағышты көрсетіңдер, жалпақ және жіңішке өзендермен тангыс боламыз. Олардың ұзындығы қандай?

 Сөздік жұмыс: кең, тар.

Билингвальды компонент: кең– широкий,тар – узкий.  

  • Балалар мен қоңақтарға жұмбақ жасырсам қалай болады.
  • Жұмбақ жасырады: Қардан басталдым,

 Бұлақтар мен жылғадан.

Бірде жылдам ағамын,

Бірде асықпаймын.

 Бастауында таязбын,

Немесе тереңмін.

Жоғарыда – жіңішкемін,

Ал төменде – жалпақпын. 

Педагог дәптерден өзенді табуды ұсынады. 

2 шар жару

-Қане тақтаға бір бала шығып шарды жару керек.

Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.

Сұрақтар қояды:

 – Суретте қандай өзендер бейнеленген?

– Жіңішке өзен қай жерде?

 – Жалпақ өзен қай жерде?

– Бір балық қандай өзенде,

ал көп балық қандай өзенде жүзіп жүр?

-3 Шар жару, екінші бала Сергіту сәті:

«Бала бала балақан» әні

  • Қане соңғы төртінші шарымызды жарып, тапсырманы орындайық.

 Шар шарып дәптердегі тапсырманы орындау. (2-тапсырма).

Тәрбиеші суреттегі марғауларға назар аударып, олар доппен ойнағанды жақсы көретінін айтады.

Тапсырма береді: Жоғарыдағы марғауға бір добы бар себетті, ал төмендегіге көп добы бар себетті сыйла. Оларды сызып қос. 

Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Сұрақ қояды:

 Жоғарыда отырған марғауды неше доппен сызып қостыңдар?

  – Төменде отырған марғауды ше?

3.Рефлексия.

Тәрбиеші сұрақтар қояды:

Балалар енді сабағымызды қортындылай келсек:

 – Бір балық қандай өзенде, ал көп балық қандай өзенде жүзіп жүр?

Дымбілмеске тәулік бөліктерін атап беріңдер.

Дымбілмес сендерге рақмет айтады.

 Педагог қорытынды жасайды. 

Просмотров: 1091


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст