"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. «Бөбек» даярлық топ.Тақырыбы: «Дыбыстар еліне саяхат»

31.05.2019

Тәрбиеші: Сергазина М.С.

Білім беру саласы: «Қатынас.

Бөлімі:»Сауат ашу негіздері».

Тақырыбы: «Дыбыстар еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың дыбыстар,сөз туралы білімдерін жетілдіру.Сөз құрамына дыбыстық талдау жасау,буыннан сөз құрау,буынға бөлу,сөздегі дыбыстардың айтылу ерекшелігін, (дауысты,дауыссыз белгілі бір дыбысқа сәйкес ойлап айту),фонематикалық есту қабілетін жетілдіру,схема бойынша 2-3 сөйлем құрай білуді қалыптастыру,балалардың сыйластық сезімдерін,бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыра отырып тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: заттық суреттер «Бұлт», «Түлкі», «Мысық», «Ұл бала мен қыз бала» суреті,ат қою үшін қолданылатын заттық суреттер,сөйлем құрау ,фишкалар қызыл,көк.әліппе дәптері.

Тарату құралдары:заттық суреттер бейнеленген карточкалар, қарындаштар,бағалау смайликтері.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар,бүгін бізге сабағымызға қонақтар келіпті.Ендеше бәріміз қонақтарға сәлем беріп алайық.

Шаттық шеңбер:

Тәрбиелі баласы.

Алдыменен қонақпен,

Амандасып алады.

Арайланып таң атты,

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң,апайлар,

Қайырлы таң,балалар!

Тәрбиеші:жарайсыңдар,балалар,осындай жақсы көңіл күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

1-тапсырма:

«Кім тапқыр»:

Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

 Қай ай?

Бір аптада неше күн бар?

Бір жылда неше ай бар?

Көктем мезгілінің айларын білемізбе?

Балалардың жауабы: Көктем мезгілі,мамыр  айы,сәрсенбі.

Ендеше сәрсенбінің сәтті күні сендерге сәттілік тілеймін!

Тәрбиеші:Сауат ашу сабағы бізге не үйретеді? (әріптер,буыннан сөз құрауды,оқуды ,жазуды үйретеді).

Қазақ альфавитінде неше әріп бар?

42-әріп бар.

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дыбыстар қандай болады?

Дыбыстарды не істейміз? (естейміз, айтамыз ).

Әріптерді ші ( көреміз, оқимыз, және жазамыз).

Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз? (қызыл түспен)

Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? (көк түспен).

Дауыссыз дыбыстардың ішінде қай дыбыстан басталатын сөз жоқ?

Қосарлы дауысты дыбыстарды ата?

2-тапсырма:

Әліпбиді жаттап ал.

Дәптермен жұмыс:

Өз аты-жөнің қандай әріптен басталады?

Ол әріптер «Әліпби» ретінде нешінші тұр?

Әліпбиге қарап, дауысты дыбыстарды ата.

Берілген сызбаларға сәйкес келетін топтағы балалар есімін ата.

3 -тапсырма:

«Кім білгіш» ойыны.

Тақтадан әріптер көрсетіледі балалар текшені көтеру арқылы дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін ажыратады.

4-тапсырма:

Дәптермен жұмыс:

Дыбыстық талдау жасау:

«Бұлт , аққу, гүл бұзау, қонжық, күн, мысық, түлкі, суретші, есім» суретері  тақтаға іледі. Тәрбиеші тақтаға  суретін іледі. Балалар,мына сөз де дыбыстарын жоғалтып алыпты.Енді бұл сөздерге  өздерің дыбыстық талдау жасап,текшемен белгілеңдер. (балалар орындарында отырып талдау жасайды).Тапсырманы орындап болған соң бір баланы тақтаға шығарып талдау жасатады.

Билингвальді компонент: бұлт-облака,түлкі-лиса,мысық-кошка,суретші-художник,имя-есім.

Жарайсыңдар,балалар, барлық дыбысты дұрыс таптыңдар!

Сергіту сәті

Күркіреді күн-күн

Терезелер шың-шың

Жаңбыр жауды көп-көп

Шелек-шелек көп-көп.

Жон арқаңды тос-тос

Күнбағыс тез өс-өс.

Екі қанат қазда бар

Қазды іздесең сазға бар

Екі қанат құста бар

Қуып жет те ұстап ал,

Қаңқ-қаңқ қаздарым

Тізені сәл бүгіңдер

Қолды артқа созыңдар

Қане,қазға ұқсаңдар.

5-тапсырма:

«Сөздерді буынға бөл»:

Тәрбиеші:

Енді «Сөзде буынға бөл» бізді тағы да бір тапсырма күтіп тұр:

Ағаш, таға, қарға, жұлдыз, айдаһар:

Тәрбиеші: балалар,алдарыңдағы суретті алыңдар,онда не салынғанын қараңдар,осы сөзде неше буын бар,қанша буын болса сонша дөңгелек бояңдар. (балалар тапсырманы орындарында отырып орындайды). Кімде бір буыннан,екі буыннан,үш буыннан тұратын суретті көтеруін сұрайды.Жарайсыңдар,балалар «буындар көшесіндегі»тапсырманы да жақсы орындадыңдар.

6-тапсырма:

Дәптермен жұмыс:

Ойын : «Қай дауысты дыбыстар жоқ?

7-тапсырма:

«Сөз қос»ойынын ойнайық.

Тәрбиеші «қызыл» сөзін айтады,балалар сөз қосады, мысалы: қызыл гүл,қызыл орамал,қызыл кілем,қызыл доп, қызыл қызанақ, қызыл қарындаш.

Қызғылт сөзіне қызғылт-лента ,қызғылт машина,қызғылт-қарақат, қызғылт-жейде т.б.

. Мысалы:мысық сүт ішті,мысық ойнады. Тағы басқа сөздерден сөйлем құрастырады.

Балалар «дыбыстар еліндегі» саяхатымыз аяқталды. Сонымен біз бүгін ,не істедік,не үйрендік?Өзін-өзі бағалау.Балалар смайликті таңдап,көрсетеді.

Просмотров: 361


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст