"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Ашық сабақ тақырыбы: «Жәндіктер әлемінде» бөлімдері:Жаратылыстану. Құрастыру. Аппликация "Жас қанат" ортаңғы тобы.

31.05.2019

Тәрбиеші: Исатова А.Е.

Бөлімі: Жаратылыстану. Құрастыру. Аппликация

Тақырыбы: «Жәндіктер әлемінде»

Мақсаты: Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылығын ояту, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс- тәсіл, технология: "Тәй -тәй технологиясы", "ТРИЗ" технологиясының  элементтері, "АКТ".

Билингвальды компонент: инелік-стрекоза,  көбелек-бабочка,құмырсқа -муравей, өрмекші-паук, шегіртке-кузнечик, қоңыз -жук, ара -пчела.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық –қозғаушылық

Балалар топқа кіреді. Шеңбер құрады

                             Шаттық шеңбері.

                      Күннің көзі ашылсын

                      Жерге шуақ шашылсын

                      Құтты қонақ келіпті

                      Төрімізге еніпті

                      Амандасу үлкенге

                      Тәрбиенің басы ғой

                      Ал кәнекей бәрәміз

                     «әлеметсіз бе» - дейміз біз

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

-Жарайсыңдар балалар .

Орындарыңа отыра қойындар.

-Балалар, қазір  жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болатынын есімізге түсіріп алайық.

 Балалар, сонымен  қатар көктем  мезгілінде тіршілі атаулысы оянады екен.- Балалар, сендердің ақылды, алғыр екендіктеріңді сынау үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.

-тақтада табиғат аясы бейнеленген

Бірақ кейбір суреттері жетіспейтін сияқты.Жұмбақты шешу арқылы осы суретті толықтырып көрейік.

Жұмбақтар:

 1. Ат басты              2.Шидиген ұзын сирағы

  Арқар мүйізді,        Тастай керең құлағы

  Бөрі кеуделі            Сүйтіп жүріп көп жерге

  Бөкен санды           Аспалы торлар тұрады

  Қос қанатты

  Құмырсқа ізді

  Бота тірсекті

3. Тыру –тыру тырналар  4.Ағайынды жұмыскер

  Тауға қарай жорғалар        Ерінбейді жұмысқа

                                               Үйі толы бір әскер

                                               Аты оның....

5.Гүл үстінде әдемі         6.Қарайып ұшты қарғадай

Төрт жапырақ биледі     Бармаған жері қалмады ай

Жұлып алайын деп едім  Жерге түсті ін қазды

Ұстатпай ұшып кетті      Аяғы мен тырмалай

Шаттық шеңберінде тұрып айтады.        

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап

береді.

Көктем мезгілінің  өзгерістерін айтады. 

 

 

 

 

Тәрбиешіні тыңдайды.    - ия ,қуанады.        

 

 

 

 

- құмырсқа  - өрмекші   - көбелек    -бақа      - шегіртке    - қоңыз  .- ара

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 - Балалар, сурет те дайын болды.- Енді осылардың барлығын бір сөзбен не деп айтуға болады ?- Дұрыс, бүгін біз оқу іс-әрекетімізде осы жәндіктер туралы білетін боламыз.Ол үшін  біз бүгін 3 белсенді орталықтармен жұмыс жасайтын  боламыз. Яғни "Әдебиет", "Өнер", "Құрылыс" орталықтары.

Д\ойын: «Өз түсіңді тап»

Ойын шарты: Тәрбиеші балалардың қолына  әр түрлі гүлдерді таратады.Қолдарындағы түстер бойынша  орталықтарға бөлінеді.

"Әдебиет орталығы"Мақсаты: "АКТ" арқылы   жәндіктердің  түрлері  мен олардың  көбеюі және тіршілігімен таныстыру. Жәндіктер туралы мағлұматтар беру. Бейне таспа көру.

                              Тақпақтар 

Ерте тұрып құмырсқа,         Ара, ара ,аралар,

Кірісіп кетті жұмысқа       Гүл қауызын жағалар

Еңбекқор десек  біз оны,     Оны баққан ағалар

Дұрыс па әлде бұрыс па?   Шелек-шелек бал алар

 

"Өнер  орталығы"Мақсаты: "Жапсыру " әдісі арқылы  қанқызын қиып алып  жапырақтарға жапсыру . Шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру. 

"Құрылыс орталығы "Мақсаты:  күнделікті өзіміз тұтынып жүрген  көкөніс картопқа сымды есу арқылы тесіп кигізіп өрмекші жасауды үйрету.  Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сергіту сәті.Жел соғады, соғады,

Құстар  жерге қонады.

Көбелектер тығылып,

Дір-дір етіп тоңады.

Жел кенеттен тынады,

Күн де бұлттан шығады.

Шегіркелер  секіріп,Араларда ұшады.- Сергіп алсақ бүгінгі сабақ барлығына түсінікті болды ма ? Билингвальды компонент:   инелік -стрекоза, бақа -лягушка, көбелек-бабочка,құмырсқа -муравей, өрмекші -паук, шегіртке -кузнечик, қоңыз -жук, ара -пчела.

Бір сөзбен -жәндіктер дейміз.     Балалар қағазды  бүктеу  арқылы қанқызын жапсырады.  Картопқа сымды есу  арқылы тесіп өрмекші  жасайды.     Қимыл -қозғалыс арқылы орындайды.         Әр сылдырмақ соққан  сайын  ортаға  жиналып,   сағат тілімен  орындарын ауыстырып  отырады.Екі тілде қайталайды.

Рефлекция-қорыту

Ойын "Мекенін тап" Мақсаты:жәндіктердің өз мекендерін жаңылмай таба білу.Шарты: үстел үстіндегі  муляж жәндіктерді өз мекеніне  орналастыру.- Балалар бүгінгі оқу  іс әрекетінің  қай сәті ұнады? Кім айтады?- Бүгінгі оқу іс әрекетіне өте жақсы араластыңдар, сол себепті сендерге мен жүрекше таратып  беремін.

Балалар, жәндіктердің мекенін тауып орналастырады, ойынға қызыға ойнайды.Сұрақтарға жауап береді. Сыйлыққа қуанады.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені  біледі: Жәндіктердің түрлерін, пайдасы мен зиянын.

Қандай түсініктерді игерді: жәндіктердің адамға берер пайдасы туралы, жәндіктерге қамқор болуды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жәндіктер мекенін табуды, түрлі жарамсыз заттардан, картоптан,  қағаздардан жәндіктер

Просмотров: 975


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст