"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

"Тілге бойлау"жобасы бойынша атқарылған жылдық есеп

15.05.2025

 

 Жоба аясында өткізілген іс-шаралар

  1. Қыркүйек «Ата-аналарға жоба жайлы ақпараттық материалдар әзірлеу.»

Бейімделу кезеңі:

          •         Мақсаты: Балаларды ортаға үйретіп, тілді түсіну мен қолдануға ынталандыру.

          •         Жаңа сөздерді қарапайым тақырыптар бойынша үйрету (мысалы, “Сәлемдесу”, “Менің атым”“Сау болыңыз!”)

          •         Танымдық ойындар арқылы сөздік қорын байыту.

          •         Баланың өз атын және жақындарының атын айтуға жаттықтыру.

 

2. Қазан  -«Ата аналарға жоба туралы түсіндіру жиналысын өткізу.»

 Қарапайым сөйлемдерді құрастыру:

          •         Мақсаты: Балаларды негізгі сөз тіркестері мен сөйлемдерді қолдануға үйрету.

          •         Түрлі тақырыптық сабақтар (түстер, пішіндер, сандар).

          •         Сөздер мен қарапайым сөйлемдерді сурет арқылы үйрету.

          •         Қимыл-әрекетке негізделген ойындар (мысалы, “Жүгір, отыр, тұр”).

 

3. Қараша – Әңгімелесу және ән айту:

          •         Мақсаты: Тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

          •         Қарапайым тақпақтар мен әндер жаттату.

          •         Балалармен қысқа әңгімелесу (мысалы, “Сен бүгін не істедің?”).

          •         Суреттер арқылы әңгіме құру.

 

https://www.instagram.com/p/DFCtDFpt9ZA/?igsh=MTV6cm96OHV0bTFpbw==

 

4. Желтоқсан – «Шынықсаң шымыр боласың!»мектепке дейінгі ұйымдардың таңғы жаттығуларды ұйымдастыру бойынша челлендж ұйымдастыру.

  Мад «Почемучки» тобы мен ересек «Смешарики» топтары.

Мерекелік тілді дамыту:

          •         Мақсаты: Балаларды мерекелік лексикамен таныстыру.

          •         “Жаңа жыл”, “Қыс” тақырыптары бойынша сөздер жаттату.

          •         Рөлдік ойындар (мысалы, “Аяз ата мен балалар”).

          •         Қысқа ертегілерді тыңдау және әңгімелеу.

 

5. Қаңтар –   «Ұлттық ойын -ұлт қазынасы» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық қимылды ойындардан сайыс. https://www.instagram.com/reel/DECBFBUtdgg/?igsh=YjU0MGpsODh3aTh3

 

 

https://www.instagram.com/reel/DDEr4FENoLl/?igsh=dWs4bjdtb21xanhz

 

 

«Смешарики» ересек тобынан Жанбековтар отбасы қатысты.https://www.instagram.com/reel/DE3w7LZo858/?igsh=MW54OWM1YjllODlrcg==

 

 

Табиғат әлемін тану:

          •         Мақсаты: Табиғат туралы білім беру арқылы сөздік қорын байыту.

          •         “Жануарлар”, “Ауа райы”, “Маусымдар” тақырыптары.

          •         Жануарлардың дыбыстарын еліктеу арқылы тіл дамыту.

          •         Табиғат туралы тақпақтар жаттау.

 

6. Ақпан – Аудандық көлемінде «Ойын арқылы баланың ой-өрісін дамыту»тақырыбында аудандық семинар өткізу.Семинарда жобаға қатысушы Мад «Почемучки»тобы мен ересек           «Смешарики»топтары белсенділік танытты.

 

https://www.instagram.com/p/DGpt9neNi76/?img_index=8&igsh=MThnYWZ4NXFqa3kxeg==

 

Қимыл мен іс-әрекет:

          •         Мақсаты: Етістік сөздерді түсініп, қолдануға үйрету.

          •         “Не істеп жатыр?” сұрағына жауап беру.

          •         Жаттығулар арқылы қимыл-әрекет сөздерін үйрету.

          •         Суреттегі қимылдарды сипаттау.

 

7. Наурыз –  «Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың Наурыз мерекесіне байланысты шараны ұйымдастыруы           бойынша озат тәжірибе жинақтау.»

https://www.instagram.com/reel/DHvAxdQC8uD/?igsh=MTRia28ybG9qd2tieA==

 

Мерекелік тіл дамыту:

          •         Мақсаты: Ұлттық мерекелерге байланысты тіл үйрену.

          •         “Наурыз” тақырыбына сәйкес сөздерді үйрету.

          •         Ұлттық тағамдар мен дәстүрлер туралы әңгіме құрастыру.

          •         Мерекелік әндер мен тақпақтар жаттату.

 

8. Сәуір – Жыл мезгілдерін қайталау:

          •         Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы білімін нығайту.

          •         “Көктем” тақырыбы бойынша сөздер.

          •         Табиғат құбылыстарын сипаттау.

          •         “Құстар қайтып келді”, “Көктем келді” тақырыптарында қысқа мәтінді тақпақтар жаттату.

 

9. Мамыр –  Жобаға қатысушы мектепке дейінгі ұйымның жылдық есебі.

Қайталау және қорытынды:

          •         Мақсаты: Жыл бойы өткен тақырыптарды қайталап, тілдік дағдыларды бекіту.

          •         Барлық тақырыптар бойынша ойындар ұйымдастыру.

          •         Қарапайым ертегілерді рөлмен ойнау.

          •         Балалардың тілдік дағдыларын бағалау.

 

Қосымша жұмыстар:

 

 «Мен қазақша сөйлеймін»тақырыбында ересек «Смешарики» тобынан Жанбекова Айсана отбасымен байқауға қатысты.

 

https://www.instagram.com/reel/DCzRGcstBJP/?igsh=cDRjdzNwNXVyYmNi

«Маусымдық өзгерістер» тақырыбында «Почемучки» МАД тобынан Буданов Данил қатысты.

 

https://www.instagram.com/reel/DC3fpABtC0l/?igsh=OXNwb2Q2OGliYnp5

 

           Мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында балаларды күн сайын «Тілге бойлау» бағдарламасында айқындалған сөздік минимумға үйрету, тәрбиеленушілердің ауызекі тілде үйлесімді сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін меңгеру ұсынылды. Жұмыс барысында «Кәусар бұлақ» хрестоматиясы, интерактивті, анимациялық бейнероликтер топтамасы кеңінен қолданылды.

Сондай-ақ, мобильдік топтардың жұмысы аясында мектепалды топтардың тәрбиешілері «Тілге бойлау» бағдарламасын практикалық іске асыруды ұсынды.

 

       Педагогтер жұмыста «Сөйлейтін қабырғалар» технологиясын қолдануды көрсетті. Бұл технология сөздік қорды есте сақтауға жақсы ықпал етеді. Ұлттық ойыншық - асықты пайдалана отырып, дидактикалық ойындардың бірнеше түрі таныстырылды. 

Тілдік ортаны құру, қазақ музыкасы, ойындар мен қарым-қатынас арқылы тілдік атмосфераға ену маңызды рөл атқарады. Балаларды қазақ ұлттық аспаптарымен таныстыру үшін музыка залында арнайы бұрыш жасалды. Күн сайын таңертеңгі жаттығуларды орындау кезінде, серуендеуге дайындық кезінде, ұйқыға дайындық кезінде қазақ халқының әуендерін, күйлерін тыңдауды, «Тақия тастамақ», «Теңге алу», «Асық ату», «Бәйге» және т. б. қазақ ұлттық ойындарын ойнауды ұсынамыз.

 

   Әр айдың соңында  «Тілге бойлау»жобасының жүргізілуіне ай сайын мониторинг жүргізілді.

          1.       Күнделікті әңгімелесу:

Балаларға күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, сөйлеуге ынталандыру.

          2.       Көрнекі құралдар:

Суреттер, ойыншықтар, кітаптар арқылы тілді дамыту.

          3.       Музыка және би:

Әндер мен қимылдар арқылы сөздерді еске сақтау.

          4.       Серуен кезінде сөз үйрету:

Табиғат құбылыстарын, көліктерді, жануарларды көрсету арқылы сөздік қорын арттыру.

          5.       Ата-аналармен жұмыс:

Ата-аналарға балалармен бірге қайталайтын сөздер мен жаттығуларды ұсындық,жыл мезгілдері,жеміс-жидек атауларымен жасалынған жадынамалар тараттық.

 

4.            Қол жеткізілген нәтижелер

- Ересек және мектепалды топтарындағы  балалар қазақ тілін меңгеріп, жауап беру деңгейін арттырды;

«Смешарики» ересек тобынан 25 бала,МАДтобы «Почемучки»тобынан 25 бала жобаға қатысты.
- Балалар күнделікті өмірде қазақша амандасу, алғыс айту, қоштасу сияқты тіркестерді қолдана бастады;
- Қазақтың ұлттық ойындары, мақал-мәтелдері мен ертегілері белсенді қолданылды;
- Ата-аналар үшін қазақ тілін үйде қолдану бойынша ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды.

«Тілге бойлау» бағдарламасының біздің бөбекжайымызда енгізілуі қазақ тіліне деген балалардың қызығушылығын арттыруда және ата-аналарды білім беру процесіне тартуда жоғары тиімділікті көрсетті. Нәтижелерді тұрақты мониторингтеу оқыту тәсілдерін оңтайландыруға және балалардың білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.

5. Қорытынды

«Тілге бойлау» жобасы балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын оятуда тиімді нәтиже берді. Балалар тілді ойын арқылы еркін қабылдап, белсенді қатыса бастады. 2025-2026  жылы жобаны ата-аналардың қатысуымен кеңейтіп, топ аралық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

 

 

 

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қабанбай батыр ауылы

 «Балауса» бөбекжайы

Меңгеруші:Смадьярова М.И


 

Просмотров: 64


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст