"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Білім беру бөлімінің жанындағы Қабанбай батыр ауылының "Балауса" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное  предприятие "Ясли-сад Балауса" села Кабанбай батыра при Отделе образования по Целиноградскому району Управления образования Акмолинской области

Ағаштар бүршік жарды

26.03.2021

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:  Аппликация

Тақырыбы: Ағаштар бүршік жарды(На деревьях выросли почки).

Мақсаты: Ағаштар мен көшеттердің айырмашылықтарын білуге үйрету, балаларға тірі табиғат туралы түсінік беріп, табиғаттағы өзгерістерді байқауға, бақылауға үйрету. Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Анықтау мен зерттеушілік жұмыстарына деген қызығушылықтарын оятып, табиғат аясында өзін – өзі ұстаудың қарапайым жолдары мен күнделікті өмірде табиғатты жүйелі түрде пайдалану дағдыларын дамыту(Дать детям представление о живой природе. 

Қажетті – құралдар: үйеңкі, емен, қайың ағаштарының суреттері ілінген ширма немесе панно, таспа.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Тәрбиеші орман ханшайымының кейпінде келеді.

-         Сәлеметсіздер ме, балалар!

Менің орманымды көргілерің келе ме?

Ендеше көздеріңді жұмыңдар.

Үнтаспадан орман құстары сайраған аудиожазбаны қосады, арнайы жасалған ширманы қояды.

Орман ханшайыммен сәлемдеседі. Әуенді тыңдап, көздерін жұмып отырады.

Ұйымдастыру - іздестіру

Айтыңдаршы, тұрғыны не,

Орманның қалың ең бастысы?

Тіршілік жоқ оларсыз,

Білсеңдер, тауып айтыңдаршы.

Сұрақтар қояды:

-Ағаш деген не? Оның бөліктерін айтып беріңдерші?

-Қалай ойлайсыңдар, ағаш тірі ме? Неге?

-Орманда ағаштардан басқа тағы нелер өмір сүреді?

-Ағаш несімен ерекшеленеді?

-Ағаштар бізге не үшін қажет?

Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады:

-Ағаштар біздің қорғанымыз, ауамызды тазартады, жүрегімізді көріктендіреді, бізге сая береді. Біз оларды қорғап, күтуіміз қажет.

«Қай ағаштардың жапырағы?» дидактикалық ойыны.

Ағаштардың (үйіңкі,емен,қайың) суреттері ілінген ширманы немесе панноны қояды.

-Біздің ағаштар жалаңаш тұр екен. Сендер олардың жапырақтарын іліп, киіндіре қойыңдар. Әр ағаштың өз жапырағын тауып, жапсыруға тапсырма береді.

Сергіту сәті.    

Ал енді барлығымыз дәнге айналайық.

Кіп – кішкентай тұқымбыз(бүктеліп отырады),

Жылыны жақсы көреміз (бастарын сипалайды),

Көктем шыға тұрамыз(орындарынан тұрады),

Жер бетіне шығамыз(жан – жағына қозғалады),

Жайып жасыл жапырақ (қолдарын екі жаққа жаяды),

Бүршікті біз ашамыз(кең құшақ жаяды).

«Көңілді, көңілсіз» дидактикалық ойыны.

Балалар, қараңдаршы, ағаштар көңілді және көңілсіз болады екен. Бет әлпеті салынған екі ағаштың суретін көрсетеді. Бір көңілді, екіншісі көңілсіз.

-Біз олардың қай кезде көңілді, қай кезде көңілсіз болатынын табайық. Үстел үстінде жатқан қима суреттерді (жәндіктер, жануарлар, құстар) тиісті ағашқа орналастыруларын сұрайды.

Шығармашылық сәт.

Балаларды ағаштарды  жапсыруға  отырғызады.

-Ормандағы аюдың қарны ашып, ұйқысынан оянып жатыр. Аюға арнап жидектер жасап берсеңдер, жақсы болатын еді. Орманға сендерден сәлемдеме ала барамын.

Өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, сұрақтарға жауп береді.

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Ағаштардың жапырағын тауып, жапсырады.

Қимыл – қозғалысты өлең сөзіне сәйкес жасап тұрады.

Суреттерді тиісті ағаш суреттерінің жан жағына орналастырады, себебін түсіндіреді.

Жидектерді мүсіндеуге отырады. Үлгіні қолданады.

Рефлексивті - түзетушілік

Қорытынды.

-         Ағаштың қандай бөліктері бар?

-         Ағашта нелер өмір сүреді?

-         Ағашқа қандай күтім қажет, біз оны қалай  қорғауымыз керек?

-         Жарайсыңдар, балалар барлықтарыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар.

 Ойларын қорытындылап, сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Ағашта тіршілік ететін жәндіктер мен өзге де тіршілік иелерін, ағаштың бөліктерін;

Нені игереді: ағаш пен онда тіршілік ететін жәндіктер мен жануарларды, құстардың өзара байдланысын;

Нені біледі: ағашты күтуді.

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст